АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Маскпен қарым-қатынасын біржола үзетінін мәлімдеді. Саясаткер NBC News телеарнасына берген сұхбатында кәсіпкермен қайта татуласқысы келмейтінін айтты.
Өткен аптада Илон Маск Трамптың салықты төмендету және мемлекеттік қарыз лимитін арттыру туралы заң жобасын сынаған болатын. Миллиардер бұл бастама мемлекеттік шығындардың өсуіне және салық төлеушілерге кері әсер ететініне алаңдайтынын білдірді. Сондай-ақ ол Трампқа импичмент жариялауды қолдайтынын айтты. Бұған жауап ретінде Ақ үй басшысы Маск компанияларымен жасалған мемлекеттік келісімшарттарды бұзып, мемлекеттік субсидияларды тоқтатуға уәде берді.