Президенттің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Бұл лауазымға Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.