Бүгін дүние жүзі елдері қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтсе, біздің елде 5 маусым Экологтар күні деп бекітілген.

Осы датаға орай, "Жасыл ел" жастар ұйымының 300 еріктісі флешмоб әзірлеп, табиғатқа қамқорлықпен қарауға үндеді. Былтыр елде Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы басталды. Жыл басынан бері 1 млн. 400 мыңнан астам азамат бұл бастамаға атсалысты. Оның 82 мыңға жуығы волонтёр. Өңірлерде 121 000 тонна қоқыс шығарылып, 584 000 гектар аумақ тазартылып, 1 млн 700 мыңнан астам көшет егілді. "Таза Қазақстан" тек сенбілік, ағаш отырғызу ісімен шектелмейді, бұл қоғамды жауапкершілікке, ізгілікке үгіттейтін кең ауқымды идеологиялық шара дейді, — экология жанашырлары.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

Биыл қатысты — 1 млн 400 мың адам

Волонтёр – 82 000

Шығарылған қоқыс — 121 000 тонна

Тазартылған аумақ — 584 000 гектар

Егілген көшет — 1 млн 700 мың