Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозициялық демократиялық партия үміткері Ли Чжэ Мён жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.
Ол сайлаушылардың 49% дауысына ие болды. Ал қарсыласы, бұрынғы премьер-министр Ким Мун Су 7% кем дауыс жинады. Ол саяси додадағы жеңілісін мойындап, Лиді жеңісімен құттықтады. Сайлауға барлық дауыс берушілердің 80%-і қатысты. Бұл кейінгі 28 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оңтүстік Кореядағы қазіргі президенттік дода елдегі саяси дағдарыстан кейін ұйымдастырылып отыр. Оған бұрынғы президент Юн Сок Ёльге импичмент жарияланып, қызметінен шеттетілуі себеп болды.