Ақтөбеде аулалардың бірінде мектеп оқушысы ағаштың түбінде жатқан жаңа туған нәрестені тауып алған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі қабат пакетке оралған нәресте шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Баланы Гагарин көшесіндегі екі қабатты үйдің маңынан 11 жастағы қыз тауып алған. Оқиға 23 мамырда болған.

"Өткен сенбіде ауламыздан 11 жастағы қыз пакетке салынған жаңа туған нәрестені тауып алды. Ол алдымен ақ пакетке, сосын қара пакетке салынып, аузы байланған екен. Қыз мияулағанға ұсқсас дыбысты естіп, ішінде марғау бар екен деп ойлаған. Кейін нәрестенің аяғын көрген", — деді Ақтөбе тұрғыны Любовь Шестакова.

Нәресте табылған жер баяғыдан тұрғындардың наразылығын туғызып келген: маңайда қараусыз қалған гараждар орналасқан, ал аумақтың өзі қоқысқа толып қалған.

Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау басқармасы нәресте ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде пакеттің ішінен сәби табылғаны, баланың анасы іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget