Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира Ералиева әлеуметтік желіде өткен күннен естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жазбасында әпкесінің Франциядан гастрольдік сапардан оралған сәтін еске алған.
«Бұл – естелік сурет. Мадинаш Франциядан гастрольден келген күн еді. Арсен екеуміз әкелген сыйлықтардан бұрын, оның аман-есен жеткеніне қатты қуанғанбыз. Біз үшін әкеміз де, анамыз да, бар байлығымыз Мадинаш болатын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жазба астында жылы пікірлер қалдырып, естелікке қатысты әсерлерін білдірді.