Бұл туралы алматылық ұжымның бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаев айтты.
Оның сөзінше, "сары-қаралардың" сапындағы экс-футболшыға жылына 350 мың доллар жалақы берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлбетте, бұл көрсеткіш бұрынғы ресейлік шабуылшы Андрей Аршавинге тиесілі болып отыр.
Жаза кеткен жөн, Андрей Аршавин "Қайрат" құрамында 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін доп тепті. Осы уақыт футболшы алматылық клубпен бірге 3 трофей жеңген.
Ресей құрамасы мен лондондық "Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы Қазақстандағы үш маусымында 108 матч өткізген. Осы аралықта 30 гол соғып, 37 нәтижелі пас бергені тағы бар.
Аршавин алматылық ұжым сапында Қазақстан кубогын екі рет (2017, 2018) жеңіп алса, бір мәрте Суперкубокке (2017) иелік етті. Командамен бірге 3 рет Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдесін мойынға тақты.
Футболшы Қазақстан чемпионатындағы бірінші матчын 2016 жылдың 3 сәуірінде "Ақжайыққа" қарсы өткізсе, соңғы ойынына 2018 жылдың қарашасында ("Шахтер") шықты.