2026 жылғы 18 сәуірде Будапешттегі MVM Dome аренасында музыкалық әлемде бұрын-соңды болмаған ерекше шара өтеді: бір сахнада Пласидо Доминго, HAUSER және Димаш Құдайберген өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Концертке арнайы және бірегей бірлескен нөмірлер дайындалған.
Музыкалық жетекші – Лист премиясының лауреаты, классика мен кроссовер, симфоник-рок жанрларында тәжірибесі мол Петер Пейцик. Домингоның опералық дауысы, HAUSER-дің энергиясы және Димаштың вокалдық шеберлігі бірігіп, тарихи маңызы бар музыкалық кешке айналмақ.
Билеттер 13 желтоқсан сағат 10:00-ден сатыла бастайды.