Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Дауыс

Қазақстанда 2026 жылы тағы қай жолдар ақылы болады?

Қазақстанда 2026 жылы тағы қай жолдар ақылы болады?

Келесі жылы Қазақстанда тағы алты автожол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы — 1,8 мың шақырым, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Көлік министрлігі ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Ақылы болатын жолдар

Қарағанды — Балқаш — 363 км;
Бурылбайтал — Құрты — 228 км;
Ақтөбе — Қандыағаш — 96 км;
Талдықорған — Өскемен — 768 км;
Атырау — Астрахань — 277 км;
Мерке — Шу — 78 км.

Жолақы қымбаттай ма?

Министрлікте 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарланбайтынын айтты.

“Төлем тәсілдері бұрынғыдай қалады. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі ақтауды қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жүйе енгізіледі”, — делінген хабарламада.

Тарифтер қандай болады?

Ақылы жолмен жүру құны көлік түріне ғана емес, учаске санатына да байланысты. Санат екеу: I және II.

Анықтама: I санат — 4 және одан көп жолағы бар, өткізу қабілеті жоғары магистральдар (автомагистраль, жылдам жүретін жолдар). II санат — қозғалыс қарқыны төменірек, әдетте 2 жолақты, өңірлік орталықтарды жалғайтын, бірақ сапасы жоғары жолдар.

I санаттағы учаскелер бойынша (алдын ала және кейін төлеу)
жеңіл автокөлік — 2 және 2,5 тг/км;
16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 8 және 9 тг/км;
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 15 және 17 тг/км;
32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 22 және 26 тг/км;
15 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 30 және 35 тг/км;
15 тоннадан жоғары жүк көліктері — 37 және 44 тг/км.

II санаттағы учаскелер бойынша (арзанырақ)
Алдын ала және кейін төлеу мөлшерлемелері:

жеңіл автокөлік — алынбайды;
16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 6 және 7 тг/км;
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 13 және 15 тг/км;
32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 19 және 22 тг/км;
15 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 25 және 30 тг/км;
15 тоннадан жоғары жүк көліктері — 31 және 37 тг/км.

Кімдер жеңілдікке (тегін жүруге) құқылы?

Заң бойынша қызметтік міндетін атқарып жүрген арнайы көліктер ақылы жолмен тегін жүре алады. Мысалы: жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, полиция және т.б.

Сондай-ақ жеңілдіктер мыналарға беріледі:

  • тұрақты жолаушы тасымалымен айналысатын автобустарға;
  • жергілікті тұрғындардың және ұйымдардың жеңіл көліктеріне — өз ауданының ішінде ақылы жолмен тегін жүруге;
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл көліктеріне.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget