Шымкентте жол-көлік саласына жұмысшы мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс 2 есе көбейтілді, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені өңірдегі кәсіпорындар мен қызмет көрсету мекемелері тарапынан шеберлерге сұраныс артқан. Осыған байланысты орта арнаулы колледждер дуалды оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында кәсіпорындармен ұзақ мерзімге серіктестік орнатты. Сала мамандарының айтуынша, автоөндіріс қарқын алып, технология күрделенген тұста білікті маман даярлау маңызды. Нәтижесінде түлектердің 75-80%-і өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан.
Елдос Әбдірайымов, Жол-көлік колледжі директорының орынбасары:
- Қамқоршылыққа алған кәсіпорындар колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, біздің арнайы пән оқытушыларымыз, өндірісті оқыту шеберлерімізді тағылымдамадан өткізуге, олардың тәжірибе жинақтауына және өз студенттерімізді қамқоршылыққа алу негізінде практикалық өндіріс орнын ұсынуға өздерінің өтінімі бойынша мемлекеттік тапсырыс қалыптасады.