Түркі мемлекеттерінің ақпарат агенттіктері Альянсының төрағалығы Қазақстанға өтті.

Алдағы екі жылда Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстанның ұлттық медиа агенттіктеріне «Қазконтент» акционерлік қоғамы жетекшілік етпек. Осыдан екі жыл бұрын негізі қаланған Альянсқа Анадолу Аджанси, Азертак, Кабар, Юза және Қазконтент медиа компаниялары кірген еді. Қысқа мерзім ішінде Альянс мүшелері Түркі әлемінің ақпараттық кеңістігін дамыту мақсатында ынтымақтастықты арттырып, өзара тәжірибе алмасып келеді. Қауымдастықтың екі жылдық жоспарын бекітпекке медиа ұйым басшылары бүгін Астанада бас қосты. Отырысқа қатысушылар медианың цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллектіні мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Анадолу Аджанси техникалық тобы Альянстың жаңа ресми веб-сайтын таныстырды.

Айна Задабек, «QAZCONTENT» АҚ басқарма төрайымы:

- Альянстың басты мақсаты — Түркі елдеріндегі ақпараттық агенттіктер арасындағы бірлестікті нығайту, бір-бірімен тәжірибе алмасу және журналистика, медиа саласын дамыту мәселелерін бірлесе қарастыру. Алдағы 2 жыл бойы Қазконтент осы Альянсты төрағалық етеді. Сол екі жыл ішінде Альянсқа қосымша басқа медиаагенттіктерді шақырамыз, бірлескен жобаларымыз болады.