Еуропада Tesla көліктері де өтпей жатыр. Былтырғымен салыстырғанда америкалық компанияның саудасы 28,5 пайызға азайды. Әсіресе Скандинавия елдерінде төмен. Мәселен, Норвегияда — 50, Данияда — 86, Швецияда — 89 пайыз құлдырады.
Сарапшылар: «бұған өндірушінің қытайлық көліктермен бәсекеге төтеп бере алмауы себеп», — дейді. Олар электр кардың түр-түрін ұсынып отыр. Бағасы мен сапасы да еуропалықтардың көңілінен шығады. Сондай-ақ компания басшысы: «Илон Маск төңірегіндегі әңгімелер де Тесла көліктерінің саудасына кері әсер етіп отыр», — дейді сарапшылар.