Мамандардың айтуынша, қазір күннің суытыуына байланысты қосымша жүк вагондары келеді. Бұл жергілікті нарықты «қатты отынмен » толық қамтуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың жылыту маусымына дайындығы қандай?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Петропавл қаласында төрт көмір сату орны бар. Біз қазір солардың бірінде тұрмыз. Теміржол тұйығында ұзын-сонар кезек жоқ. Ең бастысы көмір бар. Жүк көліктері еш кедергісіз артып әкетіп жатыр. Жалпы солтүстікқазақстандықтар жылыту маусымында 409 мың тонна көмір тұтынады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда халықтың басым көпшілігі қатты отынмен қамтылған. Дегенмен күн суытып қар түскенде сұраныс та арта түспек. Ал көмірдің бағасына келсек тоннасы 13 жарым мың теңгеден басталады. Ең қымбаты «Шұбаркөл» 25 мың теңгеге дейін жетеді.

Қуандық Шақыбаев, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта жолда 15 мың тоннаға жуық 212 вагон келе жатыр. Осы айда 57 мың тоннаға жуық 830 вагонның келуін ұсынып отырмыз. Қазіргі кезде ешқандай мәселе жоқ. Халық 86 пайыз көмірді дайындап отыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші

- Мамандардың айтуынша, облыс бойынша әлеуметтік нысандар қысқы жылыту маусымына толық дайын. Бұл жұмыс Петропавлдағы жылу электр ортағында да атқарылды. Қазір кәсіпорында 150 мың тонна көмір мен мың тонна мазут қоры бар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков