Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытайдың сыртқы ведомство басшысы Ван Имен кездесті. Жүздесу барысында екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету бағыттары айқындалды.

Тараптар өзара іс-қимыл мен мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Әсіресе, сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне ерекше мән берілді.

Кездесуде Ван И: «Қазақстан — сенімді серіктесіміз. Біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», — деп мәлімдеді. Өз кезегінде Ермек Көшербаев: «Биыл көшбасшыларымыздың өзара сапарлары мен оның аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», — деді. Сапар аясында министр Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығына барды. Жаңа мекеменің қазақ-қытай арасындағы гуманитарлық байланысты ілгерілету бағытындағы жұмысымен танысты.