Елде соңғы бес жылда 119 кино түсірілді. Бүгінге дейін отандық кинотуындылар халықаралық фистивальдерде 177 жүлде иеленді.
Мысалы, Қазақстан биыл алғаш рет Канн фестиваліне қатысып, Kazakh Cinema ұлттық стенді арқылы өз жобаларын таныстырды. Сонымен қатар Локарно мен Пусан фестивальдерінде көрсетілген отандық туындылар шетелдік көрерменнің жоғары бағасын алды. Кино өндірісті одан әрі дамыту мақсатында биыл «JARQYRA» республикалық кастингі басталды. Жоба аймақтардағы жас таланттарға кәсіби кино әлеміне жол ашып, жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік бермек. Қазақ тіліндегі сценарийлердің үлесі 75 пайызға артып. «Қазақ киносының онкүндігі» акциясы аясында бірнеше өңірде отандық фильмдер көрерменге жол тартты. Соның ішінде сәтті шыққан «Қайтадан» фильмі прокатта 1 млрд теңге табыс жинап, инвестиция көлемін бес есе арттырған.