Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреген.

"Валюта нарығындағы өтімділік өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізуге кірісті", — деп жазылған хабарламада.

Қазір мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 70 АҚШ долларынан асып, АҚШ доллары жаһандық деңгейде әлсіреп тұр.

"Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі айтулы факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді", — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратынын, қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget