Ресейдің Қиыр Шығысындағы Камчатка түбегі жағалауында 8,8 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Соның салдарынан биіктігі 4 метрге жететін цунами толқындары көтеріліп, жағалау маңында орналасқан Солтүстік Курил қаласында тұрғын үйлер су астында қалды. Бірнеше ғимараттың қабырғасы сөгілген. Қазір оқиға орнына арнайы топ жетті. Жергілікті тұрғындарға қауіп туралы шұғыл ескерту жарияланды. Алдын ала ақпарат бойынша бірнеше адам ауыр жараланған.