Адам саудасымен айналысып, жезөкшелікке мәжбүрлеу арқылы күніне 1,5 млн теңгеге дейін тапқан екі қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Ұйымдасқан топ өкілдері Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында қолға түсті. 2024 жылдан бері олардың қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеге жеткен. Тінту кезінде ақша, банк карталары, көліктер мен мобильді телефондар және басқа да цифрлық ақпараты бар құралдар тәркіленді. Аталмыш жағдайға қатысты күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылыуы мүмкін.