Ол 4500 сағат қазақ тілінде дыбысталған әлемдік кинотуындыларды ұсынады.

12 қыркүйек – Қазақ киносы күніне орай, Unico Play – Қазақстан көрермендері үшін арнайы жасалған алғашқы онлайн кинотеатр іске қосылады.

Платформаның мазмұны қазақ, орыс және басқа тілдерде қолжетімді, сондықтан әрбір көрермен фильмдер мен телехикаяларды таныс және ыңғайлы тілдік ортада көре алады.

Онлайн-кинотеатр:

  • Қазақстанда түсірілген 6 түпнұсқа сериал;
  • 4500 сағат қазақ тілінде дыбысталған әлемдік кино;
  • Басқа еш жерде көра алмайтын 200+ сағаттық эксклюзив контент;
  • Қазақ тіліндегі балалар контентінің ең үлкен медиатекасын;
  • 100+ телеарна мен спорттық хабарларды ұсынады.

Жаңа қолданушылардың бәрі Онлайн-кинотеатр қызметін бір ай бойы тегін пайдалана алады.

"Қазақстанда қолжетімді стримиң контенттің басым бөлігі – шетелдік жобалар. Unico Play осы жағдайды өзгерту үшін жасалған. Бізде кинематографиялық оқиғалар, таланттар, технологиялар бар – қазір мұның барлығын бір жерден, жоғары сапада және таныс тілде ыңғайлы көруге болатын платформа бар", – деді Unico Play басшысы Дияс Досмұханбет.

Оның сөзінше, платформа қазақ киноиндустриясының таланттарын тартатын орынға айналады.

"Unico Play қазірдің өзінде 1000-нан астам қазақстандық авторлардың басын біріктірді: режиссёрлер, сценаристер, актёрлар, операторлар. Unico Play жаңа есімдер үшін де, тәжірибелі кәсіпқойлар үшін де сала ішінде өсу нүктесіне айналады. Біздің контент стратегиямыздың басты бағыты — қазақстандық көрермен. Біз олар үшін қуантатын, шабыттандыратын және таң қалдыратын оқиғаларды жасаймыз", – деді Unico Play бас продюсері Анар Жүнісова.


Оқи отырыңыз:

  • Шәкен Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайы жаңа экспонаттармен толықты
  • "Құлықсыз" кинотеатр. Қазақ киносы қашан прайм таймда көрсетіледі?