Жарты жылда бюджетті түгелдей дерлік игеріп тастаған. Бақтияр Артаев мемлекет қаржысын оңды-солды шашып, тиімді пайдалана алмай жатқан спорт басшыларына қатаң ескерту жасады.

Бұл туралы Спорт министрінің Telegram парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Жылдың аяғына дейін не істейсіңдер? Қалай өмір сүресіңдер? Балаларды қалай жібересіңдер? Қатаң сөгіс бергеннен бөлек, ертең жұмыстан кететін кезде оңайшылықпен жібермеймін. Ертең сендермен прокуратура айналысады”, — деді Артаев.