Қонаев қаласында панкратионнан төртінші республикалық ашық турнир өтіп жатыр.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, үш дүркін социалистік еңбек ері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған жарысқа 8 бен 17 жас аралығындағы жүз шақты спортшы қатысты. Байрақты бәсеке «Спорт нашақорлыққа, терроризм мен лудоманияға қарсы» деген ұранмен басталды. Бұл жолғы дәстүрлі республикалық ашық турнирде Алматы облысы мен Алматы қаласының өрендері тамаша өнер көрсетті. «Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Мұндай сайыстар мықты спортшыларды анықтап, ұлттық құрамаға іріктеу жасауға тамаша мүмкіндік береді», — дейді ұйымдастырушылар.
Ернұр Қайрат, жарысқа қатысушы:
- Мен бұл спортқа 2019 жылы келдім. Бұл жарыс өте мықты деңгейде өтіп жатыр. Сопернигім слабый біреу емес, тоже мықты соперник. Өте қиын болды.
Талғат Ибрагимов Алматы облыстық панкратион федерациясының президенті:
- Дінмухамед Қонаевты еске алатын республикалық турнир кіші жастар арасында өтеді, 8-9, 10-11, 12-13 және де жастар арасында 16-17 жас арасында өтеді. Балалардың дайындығы, кішкентай балалар енді-енді пісіп жатыр, жарысқа сол үшін алып келіп жатырмыз. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері, ҚР чемпиондары бар. Қонаев қаласының спортшылары мықты, Алматы облысы спортшыларының деңгейі мықты негізі. Өтйкені біздің командамыз республикада мықты командалардың бірі деп санаймын.