Ең әуелі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қоғамдық орында адамның бет жүзін жауып жүруге тыйымның себебін дінтанушылар осылай түсіндірді. 30 маусымда Президент бетті бүркемелейтін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойған еді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, киім арқылы бетті жасыру құқықбұзушылық жасаған адамның кім екенін анықтауды қиындатады. Мысалы, жаппай төбелеске немесе тәртіпсіздікке қатысатындар, соның ішінде футбол фанаттары, көбіне беттерін шарф не маскамен жауып алады. Тонау, ұрлық, көлік ұрлау, есірткі тарату, қаруды заңсыз айналымға салу сияқты ауыр қылмыстарды бетін жауып алған адамдар жасайды. Бұл тыйым медициналық себептермен, уәкілетті органдардың талаптарымен немесе кәсіби, қызметтік міндеттерді атқару кезінде бетін жабатындарға қолданылмайды. Сондай-ақ бетті жаппайтын діни киімдерге де бұл тыйым жүрмейді.

Әли Үкенов, дінтанушы:

Қоғам тарапынан мұны қандай да бір діни бағыттағы өзгертулер деп талқыланып жатыр. Бірақ бұл жалған ақпарат. Бұл өзгертулер тек қана қоғамдық тәртіпті реттеуге бағытталған өзгертулер. Қандай да бір маскалар болсын, діни атрибутикалар болсын соның ішіне кіреді.

Елдос Есенбол