Астанада заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір топ адам 400-ден аса отбасыға 4,6 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген.

"Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды. Бұл қаражат мақсатсыз жұмсалып, құрылыс мүлде жүргізілмеген", — деп жазылған хабарламада.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат бар-жоғын мұқият тексеруге шақырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget