Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 22 ветеринариялық пункт салынады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. Өңірде қанша мал дәрігері жұмыс істейді? Олардың материалдық-техникалық жағдайы қандай?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші

- Сәкен Әубәкіров ширек ғасыр бойы ветеринар болып еңбек етеді. Бескөл ауылдық округіне қарасты 5 мың бас төрт түліктің саулығына жауап береді. Мал дәрігері тұрғындардың шақыртуы бойынша күндіз-түні қызмет көрсетеді.

Сәкен Әубәкіров, ветеринарлық фельдшер:

- Кішкентай кезімізден ауылда тұрдық қой, малды ұстаймыз. Жақсы көреміз. Жылқыларды жақсы көреміз. Қара мал да сүті бар, майы бар. Ауылда тұрған соң кісілер келеді. Шақырады түнде болсын, кеш болсын, жаңбыр болсын, саз болсын, соған барамыз. Қолдан келгенше көмектесеміз.

Солтүстік Қазақстан облысында 400-ге жуық ветеринар маманы бар. Олар өңірдегі эпизоотиялық жағдайын бақылауда ұстап, үй жануарларына түрлі ауруға қарсы екпе жасайды.

Жанат Әміржанов, Ветеринария басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда эпизологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан бері вакцинациялау есептігін ескере отырып, 3 млн 274 мың ауыл шаруашылығы жануарлары егілді. 712 мың бас зерттелді. Оның ішінде диагностикалық зерттеу 462 мың бас және алергиялық зерттеу 250 мың бас.

Ветеринария қызметінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді. Былтыр жергілікті мамандар 39 қызметтік автокөлікпен қамтылды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов