Бүгін Домбыра күні. Шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық аспап ұлықталады. 2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған. Ел бойынша 300-ге жуық іс-шара өтеді.