Байқоңырдағы ғарыш айлағынан Ресейдің «Прогресс МС-31» жүк кемесі Халықаралық стансаға аттанды .
Бұл туралы «Роскосмос» баспасөз қызметі хабарлаған. «Союз» зымыран тасығышы құралды Жер орбитасына сәтті алып шықты. Оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні жоспарланған. Кемеге жанар-жағармай, су, тамақ және түрлі жабдығы бар 2,5 тоннадан астам жүк тиелген. Қазір Халықаралық ғарыш станциясында 7 адам бар.