Астанада 81 мектептің бұрынғы директоры 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырды деп айыпталып, ұсталған болатын.

Мектеп директорының қызы былтыр сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың танысы болып шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде қаржы жымқырды деп айыпталған мектептің бұрынғы директоры Гүлнәр Садықова екені анықталды. Ол 81 English school 1 млрд теңге қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.

Белгілі болғандай, ол Қуандық Бишімбаев ісінде елдің қызу талқсына түскен Индира Асанбаеваның анасы болып шықты. Индира Асанбаева Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеновамен барған Дима Биланның концертінде онымен қол ұстасып амандасып, тіпті оны сүйген деген қауесет тараған. Содан барып екі жұптың арасында сол түні дау туындаған деген сыбыс бар. Десе де Асанбаеваның өзі сотта Бишімбаевты тек танысым деп айтқан болатын.

Сондай-ақ ол онымен тек жұмыс бабымен араласытынын же кізген. Желі қолданушылары аталған оқиғаға байланысты түрлі пікірлерін желіде жаудырып жатыр.