Білім гранттарына құжат қабылдау басталды. Науқан 20 шілдеге дейін жалғасады. Үміткерлер университетке барып немесе Егов арқылы онлайн өтініш бере алады. Шекті балдарға тоқталсақ, талапкер «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағытында тегін оқу үшін ҰБТ-дан кемінде 75 балл жинаған болуы керек. «Медицина» саласын таңдаса, 70 балл. Ал Ұлттық жоғары оқу орындарына 65, басқа университеттерге түсу үшін кемінде 50 балл керек. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» — 75;
«Медицина» — 70;
Ұлттық жоғары оқу орындары – 65;
Басқа университеттер – 50.
Жанел Өтеулі