Жапонияның Фукусима қаласында қоқысты сұрыптамаған кәсіпорындар мен тұрғындардың атын жариялап, оларды ұялту тәсілі енгізілді. Бұны «Би-би-си» телерадиокорпорациясы хабарлады. Оның дерегінше, Жапонияда қалдықтар жанатын, жанбайтын және қайта өңделетін болып үшке бөлінеді. Сол қоқыстар міндетті түрде сыртқа бөлек қапқа салынып шығарылуы керек. Бұл тәртіпке көнбегендердің есімдері анықталып, бірінші оларға ауызша, содан кейін жазбаша ескерту жасалады. Содан кейін қоқыс сұрыптау ережесін бұзғандардың аты-жөндері үкімет сайтында шығады.
Жапония 1990 жылы ұлттық мақсат қойды. Оған сәйкес, Күн Шығыс елі қоқыс полигондарынан арылып, қалдықтарды азайтып, оларды қайта өңдеу жұмыстарына ықпал етіп отыруы керек.
Арыстан Рысбек