Соңғы уақытта белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасы көпшілік аузында жүр. Бірі екінші әйелі бар десе, енді бірі ауруханада жатыр, деп болжауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің қызы Айым Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесімен бірге билеп, желіге жүктеп қойды.

Желі қолданушылары өнерлі отбасыға бақыт тілеп, алғыстарын жаудырды.

«Бәрі өтірік болғаны ма, тым жақсы жүр ғой. Басқа отбасыға кетті деп еді ғой. Бақытты болыңыздаршы, ұл-қыздарыңыз да өсіп қалды. Тұрсынбектің қыздары бірінен-бірі өткен сұлу», — деп жарыса жазды жұрт.