Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Tele2 компаниясын катарлық инвесторға сату жөніндегі мәміленің егжей-тегжейін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2024 жылы бәсекелестік ортаға 589 миллиард теңгеге 14 нысан берілген. Соның ішінде 517 миллиарды "Қазақтелеком" АҚ-ның Tele2 мобильді операторын қатарлық инвесторға сатуы болып отыр.

"Осы сомадан 158 миллиард теңге республикалық бюджетке дивидендтер түрінде түсті. 76 миллиард теңге сатылатын актив құнын қайта бағалау нәтижесінде корпоративтік табыс салығы түрінде төленді", — деді Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Келісімге сәйкес осы мәміле бойынша қалған ақша 2028 жылға дейін түседі.

Еске салайық, биыл қаңтарда Қатар компаниясына Mobile Telecom Service-ті (Tele2 және Altel) сату жұмыстары аяқталғаны хабарланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы KASE мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget