Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Ильчевка ауылында май зауытында газ таситын көлік жанып кетті.
Полиция Департаментінің мәліметінше 9 адам жарақат алған. Сегізі ауруханаға жатқызылды. От 50 шаршы метр аумаққа жайылған. Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейіннен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанған. Тайынша майы зауыты – Қытаймен бірлескен жоба. 2016 жылы ашылған кәсіпорында 70 адам жұмыс істейді. Зауытта зығыр, рапс, күнбағыс майы өндіріледі.
Эльмира Кәленова