АҚШ-та мигранттарды туған жеріне емес, үшінші мемлекетке депортациялауға болады, деп хабарлайды 24kz.
Бұған Американың Жоғарғы соты рұқсат берді. Бұрын мигранттар басқа елге көшуге қарсылық білдіріп, шағым түсіре алатын. Енді олар бұл құқығынан айырылды. Елдегі түрлі қоғамдық ұйымдар бұған наразылық танытып жатыр. Олар: «Бұл шара соттың әділ шешіміне қол жеткізу туралы Конституцияда көрсетілген құқыққа қайшы», - деп ұжымдық арыз берді.