Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны Астана уақытымен 08:50-де 9,79 пайызға төмендеп, бір барреліне 69,47 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 9,72 пайызға төмендеп, бір барреліне 66,66 доллар болды.
Негізгі себептері
Иран Катардағы АҚШ әскери базасына соққы жасап, соның әсерінен мұнай бағасы одан әрі төмендеді. Бұл соққылар деэскалацияға бағытталған қадам ретінде қабылданып отыр, себебі Тегеран стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазына шабуыл жасаған жоқ. Трамптың Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы одан әрі құлдырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз