Дональд Трамп Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығысты реттеуге ниетті. АҚШ президенті бітімге келу құралы ретінде сауда-саттық мүмкіндігін қарастырмақ.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ақ үй басшысы осы тұрғыда Сербия мен Косово арасындағы қақтығысты ұзақ соғысқа ұластырмай қалғанын мысал ретінде келтірген.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Біз Биньямин Нетаньяхумен өте жақсы араласамыз. Біз бір-бірімізді өте жақсы құрметтейміз деп ойлаймын. Мен Иран мен Израиль арасында мәміле болады деп үміттенемін. Бітімге келуге жақсы мүмкіндік бар. Кейде соғысуға тура келеді. Не болғанын көреміз. Біз Израиль қорғаныс бағытында қолдай бермекпіз.