Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Дауыс

Иран Израильді дрондармен шабуылдады

Иран Израильді дрондармен шабуылдады

Иран Израильді дрондармен шабуылдай бастады. Соққы еврей елі күштерінің Ислам Республикасындағы нысандарды атқылауына қарымта жауап ретінде жасалып отыр.

Ақпарға қарағанда 100-ден аса дрон ұшырылған. Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі Эфи Дефрин: «Әскеріміз оларды атып түсіруге дайын», – деп мәлімдеді. Ал Иран тарапының хабарлауынша, ұшқышсыз аппараттар Израиль аумағына 3-4 сағаттың ішінде жетуі тиіс.