Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші раунды өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ресми Мәскеу атынан президенттің көмекшісі Владимир Мединский, ал Киевтен Қорғаныс министрі Рустем Умеров бастаған делегация қатысуда. Тараптар Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ бұл жолы нақты ұсыныстарын жазбаша түрде ұсынады деп күтілуде. 16 мамырда екі жақ осы Ыстамбұлда 3 жылда алғаш рет тікелей келіссөздер өткізген еді. Ол кезде «мыңға мың» форматында тұтқын алмасуға келіскен.