Марқұм әкім қызметіне 2026 жылдың 17 ақпанында тағайындалған.


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округтің әкімінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл округінің әкімі Ерлан Смаилов өзіне қол жұмсаған.

Белгілі болғандай, ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін "Майское-Агро" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Тергеу жүмыстары жүргізілуде.