7000-нан аса тұрғынның қауіпсіз жерге көшірілгені туралы мәлімет тағы бар.


Жер дүмпуі Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

CGTN сайтының жазуынша, жер сілкінісі 5,2 балды құраған.

Жергілікті билік 13 ғимараттың құлағанын, 2 адамның қаза тапқанын және 1 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін растады. Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік көлік қозғалысы қиындауы мүмкін екенін ескертті.

Табиғи апаттан кейін аймақта жедел құтқару штабы құрылып, зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары басталған.

Жер сілкінісінің дүмпуі көршілес аудандарда да сезілген. Кейбір тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына зақым келгені айтылуда. Билік өкілдері аймақта қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертіп, халықты сақ болуға шақырды.

Осы күні апат салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр.