Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстанда қанша сотталғанға рақымшылық жасалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сотталғандарға қатысты жарияланған рақымшылық мәселесіне орай редакцияның сұрауына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 30 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде 2 мыңнан астамы – әйелдер.

“Соттарға материалдарды жолдау процесі аяқталды, алайда оларды қарау сот органдарында әлі де жалғасуда. Сот шешімдері бойынша амнистияға ілінген 1770 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылды. Олардың ішінде 135-і – әйелдер”, – деп хабарлады ҚР ІІМ.

Сонымен қатар, 2240 адамның жаза мерзімі қысқартылған, ал пробация қызметінің есебінде тұрған 2507 сотталған жаза өтеуден босатылды.

Бұған дейін “Азаматтарға арналған үкімет” маманының мемлекетті шамамен 4 млрд теңгеге алдап соғып, шетелге тайып тұрғанын жазғанбыз.