Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Астанада пробациядағы 12 адам тыйым салынған зат қолданғаны үшін жауапқа тартылды

69 адам тексеруден өтті.

Астанада пробациялық бақылаудағы сотталғандар арасында психоактивті заттарды медициналық емес мақсатта қолдану фактілерін анықтау жөнінде жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маманның қорытындысы бойынша олардың 12-сі тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталды.

“Сот қаулысымен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша аталған 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл шаралар қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, пробацияда жүрген азаматтардың заңға және салауатты өмір салтына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.