Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Елордада өткен үстел теннисінен президент кубогі аяқталды

Елордада өткен үстел теннисінен президент кубогі аяқталды

Астанада үстел теннисінен Қазақстан Президентінің Ашық Кубогі аяқталды.

Турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен Nomad академиясы ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік ITTF рейтингінің 100-дігіне кіретін спортшылар мен ел үздіктері қатысты. Онда жекелей және топтық сындарда жасөспірімдер мен ересектер бақ сынады. Бес күнге созылған бәсекенің жеңімпазы – Ресей құрамасы. Ал жүлдегерлер қатарынан Иран, Корея және Гонконг құрамалары көрінді. Ал жасөспірімдер арасында қазақстандық теннисшілердің бағы жанып, бірнеше медаль иеленді.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

– Бірінші рет ауқымды деңгейде өтіп жатыр. Балаларымызға осындай мүмкіндік беріп, осы жерге үстел теннисінің халықаралық деңгейдегі үлкен жұлдыздарды шақырған. Сонымен қатар жарыспен бірге шоу-матчқа куә болдық. Шоу-матчқа әлемде танымал, үлкен жетістікке жеткен Сюй Синь, Вернер Шлагер спортшыларымыз қатысты.