Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Синоптиктер 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы.

“Қазгидромет” РМК 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда 17 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады.

Солтүстік Қазақстанда түнде тұман түсіп, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да өткінші жауын-шашын күтіледі, күндіз кей өңірлерде найзағай ойнайды. Температура түнде 3-9°, күндіз 14-20° жылы болады.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Абай облыстарында таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тау бөктерінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін.

Ал Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында негізінен ашық, күндіз 20-25° жылы болады.

Батыс аймақтарда – БҚО, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде жауын-шашынсыз болады.

Ақтөбе облысында негізінен бұлтты, бірақ құрғақ. Күндізгі температура еліміздің батысы мен оңтүстігінде 20-26 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.