Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ауғанстан басшылығына елдегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты”, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 622 адам қаза тауып, 1300-ден астам адам жарақат алғанын жазған едік.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісі Пәкістанмен шекараға жақын жерде жергілікті уақыт бойынша шамамен түн ортасында болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз