Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Пікір

Ұлттық банк 125,6 млн доллар көлемінде интервенция жүргізді

Ұлттық банк 125,6 млн доллар көлемінде интервенция жүргізді

30 шілдеде Ұлттық банк 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде валюта интервенциясын жүргізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Теңестіру” операциясы аясында шілдеде 290 млрд теңге алынған. Тамызда осы мақсатта шамамен тағы 290 млрд теңге көлемінде валюта сату жоспарланып отыр.

“Ұлттық банк шілдеде биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы — 35 млн АҚШ доллары немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 0,6%-ы. Тамызда БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу жоспарланбайды”, — деп жазылған хабарламада.

Шілдеде Ұлттық қордан 700 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылған. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ, Талдықорған-Үшарал газ құбырын салу жөніндегі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген. Ұлттық қордың сату үлесі жалпы сауда көлемінің 12%-ы немесе күніне шамамен 32 миллион АҚШ доллары болған.

“Тамызда Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейін валюта сатылуы мүмкін”, — деп жазылған хабарламада.

Шілденің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреген. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Жалпы сауда-саттық көлемі — 5,7 млрд АҚШ доллары.

Еске салайық, бұған дейін ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткені хабарланды. Кейін Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді.

Кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың мәлімдемесінен кейін доллар бағамы төмендеді

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget