Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Александр Бублик Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 24 минутқа созылған бәсекеде Александр 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Казо 7 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP додаларында жетінші, биылғы үшінші титулына қол жеткізді. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATP Tour (@atptour)