Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Астана, Алматы және Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК мамандары 2025 жылғы 14-16 шілде аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

14 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10…+12°С, күндіз: +21…+23°С.

15 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +11…+13°С, күндіз: +22…+24°С.

16 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +14…+16°С, күндіз: + 29…+ 31°С.

Алматы

14 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20…+22°С, күндіз: +32…+34°С.

15 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +21…+23°С, күндіз: +33…+35°С.

16 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +20…+22°С, күндіз: +30…+32°С.

Шымкент

14 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +23…+25°С, күндіз: +37…+39°С.

15 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +22…+24°С, күндіз: +35…+37°С.

16 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +22…+24°С, күндіз: +37…+39°С.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.