Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Қосшы

Қазақстандық жас теннисші “Уимблдон” турнирінің ширек финалына жетті

Қазақстандық жас теннисші “Уимблдон” турнирінің ширек финалына жетті

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің ширек финалына шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget