Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Астанадағы Әлем кубогы: бүгін Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай бастаған боксшылар шаршы алаңға шығады

Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде алты қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА.

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақ боксшылары:

Күндізгі сессия

  • 1-жұп (А рингі). Әйелдер. 54 кгелі Анель Сакыш — Феруза Казакова (Өзбекстан)
  • 5-жұп (В рингі). Ерлер. 55 келі. Махмуд Сабырхан — Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)
  • 9-жұп (А рингі). Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай — Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)

Кешкі сессия

  • 4-жұп (В рингі). Әйелдер. 75 келі. Надежда Рябец — Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
  • 6-жұп (В рингі). Ерлер. 60 келі. Серік Теміржанов — Джейкоб Кассар (Аустралия)
  • 11-жұп (А рингі). Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы).

Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондайа-ақ боксшылардың өнерін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайынан да тамашалауға болады.

Елордадағы Әлем кубогына 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл – олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы.