Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

ҚФФ президенті қазақ тілін үйренуге қанша уақыт керегін айтты

Ол бір жыл аралығында мемлекеттік тілде сұхбат беруге уәде еткен.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров осы кездің өзінде қазақша үйреніп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Әрине, аздап уақыт керек. Бірақ өзіме сенімдімін. Бір жылдың аралығында қазақ тілінде еркін сөйлей аламын. Тілді меңгеруде қоғамның қолдауы қажет. Жақында сұқбаттарды қазақ тілінде беретін боламын, – деді ол.

Еске салайық, Марат Омаров 2024 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.

Бірнеше күн бұрын Марат Омаров Sports24.kz порталына эксклюзивті сұхбат берді.

– …Келісілген матчтарға келсек, “Спорт Радар” деген ұйым бар. Сол ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлем бойынша келісілген ойындар саны жағынан 4-орында тұр. Бұл – өте өкінішті жағдай. КФФ бұл мәселемен белсенді түрде күресіп жатыр. Қазіргі уақытта, федерация бұл мәселені шешуге шындап кіріскен, – деген болатын ҚФФ президенті.